Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесін зерттеу процесіне цифрлық ресурсты интеграциялау моделі
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2026_1_34Түйін сөздер:
дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі, оқыту, ТРАСК, цифрландыру, интеграция моделі, педагогикалық технологиялар.Аннотация
Мақалада дене шынықтыру теориясы мен әдістемесін зерттеу кезінде әртүрлі білім беру платформаларын пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. Оқу процесін сәтті цифрландырудың педагогикалық мүмкіндіктері тұжырымдалды, силлабус құрылымына авторлық мамандандырылған сайтты енгізудің маңыздылығы талданды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында әзірленген цифрлық ресурсты білім беру үдерісіне интеграциялау бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеу білім берудің педагогикалық мазмұнына қол жетімділік идеяларына - Pedagogical Content Knowledge (PCK) тұжырымдамасына, білім беруді цифрлық қолдаудың маңыздылығы, білім беру жүйесін цифрландырудағы педагогтардың жетекші рөлі идеяларына негізделген. Нәтижелер студент жастарды кәсіби IT-мамандардың қатысуынсыз цифрлық алаңдарды жобалауға және әзірлеуге тарту олардың оқу материалын игеру процесінде іс жүзінде елеулі түрде цифрлық бейімделуге қызығушылығын арттыратынын, олардың болашақ кәсіби қызметінде цифрлық ресурстарды пайдалану дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетеді.