Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы ядролық туризмге сұранысты қалыптастыратын факторлар: эмпирикалық талдау
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-1-59-69Түйін сөздер:
ядролық туризм, Семей ядролық сынақ полигоны, факторлық талдау, туристік сұраныс, саяхат мотивациясы, нарықты сегменттеу, қараңғы туризмАннотация
Қазіргі заманғы ядролық туризмге қатысты зерттеулер Семей ядролық сынақ полигоны аумағын тәуекелі жоғары, бірақ сонымен қатар танымдық маңызы зор туристік бағыт ретінде қарастырады. Осы зерттеудің мақсаты - полигон аумағына ұйымдастырылатын турларға қатысуға әлеуетті туристердің дайын болуын айқындайтын факторларды эмпирикалық тұрғыда анықтау және сандық бағалау болып табылады. Қазақстан Республикасынан және шет елдерден келген респонденттердің онлайн сауалнамасы (n=948) негізінде полигон туралы хабардар болу деңгейі, оған баруға қызығушылық дәрежесі, сондай-ақ туристік өнімнің негізгі сипаттамаларының маңыздылығы бағаланды. Жиынтық нәтижелерге сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 52,9 %-ы (496 адам) қызықты экскурсиялық бағдарлама, 51,2 %-ы (485 адам) – маршруттардың қауіпсіздігі, 44,6 %-ы (418 адам) - турдың қолжетімді құны, 33,7 %-ы (316 адам) - тарихпен және ғылыммен терең танысу мүмкіндігі, 27,6 %-ы (259 адам) - кәсіби гидтің болуы маңызды деп атап өтті. Интегралды рейтинг нәтижесінде «маршруттардың қауіпсіздігі» даму факторлары арасында 1-орынды, «қызықты экскурсиялық бағдарлама» – 2-орынды, «тарих пен ғылым туралы көбірек білу мүмкіндігі» – 3-орынды, «тур құнының қолжетімділігі» – 4-орынды, «кәсіби гидтің болуы» – 5-орынды иеленді. Зерттеу нәтижелері ядролық туризмді қабылдау қауіпсіздік пен танымдық құндылықтың үйлесімімен анықталатынын растайды, ал баға факторы мен кәсіби гидтің сүйемелдеуі көмекші рөл атқарады.