Қазақстанда туризмді Digital Nomad форматында ұйымдастырудың болашағы

Авторлары

  • Күлмира Арапова М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университеті
  • Айман Есенова М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университеті
  • Айгуль Рысбекова М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университеті
  • Зарема Бигельдиева М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университеті
  • Қарлығаш Дүйсекова М. Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-2-5-17

Түйін сөздер:

цифрлық көшпенділер, қашықтан жұмыспен қамту, цифрлық көшпенділер визасы, туристік инфрақұрылым, цифрландыру, институционалдық орта, Қазақстан

Аннотация

Әлемдік экономиканың цифрландырылуы және қашықтан жұмыспен қамтудың кеңінен таралуы туристік нарықтың жаңа сегменті – Digital Nomad форматындағы туризмнің дамуына ықпал етуде. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда осы бағыттың даму болашағын талдау, оның бәсекелестік артықшылықтарын, институционалдық кедергілерін және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін айқындау. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы талдау, институционалдық және жүйелік тәсілдер, сондай-ақ цифрлық көшпенділікті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерделеу құрайды. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның цифрлық көшпенділерді тартуға және Орталық Азиядағы осы туризм түрінің өңірлік орталығына айналуға мүмкіндік беретін елеулі табиғи, мәдени және цифрлық әлеуетке ие екенін көрсетті. Сонымен қатар, бұл әлеуетті тиімді іске асыру үшін визалық саясатты жетілдіру, цифрлық және туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қашықтан жұмыс істейтін мамандардың ұзақ мерзімді тұруына қолайлы жағдайлар жасау қажет екендігі анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Шығару

Бөлім

Экономика, жоспарлау, туризм мен қонақжайлылықты ұйымдастыру