Шығыс Қазақстан облысындағы туристік ағындардың серпіні және экологиялық туризмді дамытудың маусымдық ерекшеліктері

Авторлары

  • Мадина Батырбекова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Динара Кадырбекова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Айгуль Агелеуова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Олег Лютерович Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Еркегуль Дюсекеева Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-2-57-68

Түйін сөздер:

экотуризм, туристік ағын, маусымдылық, туристік инфрақұрылым, тұрақты даму, аумақтық саралану

Аннотация

Мақалада Шығыс Қазақстан облысындағы экотуризмнің дамуы туристік ағындар динамикасын, туристік келулер құрылымын, туристік белсенділіктің маусымдық ерекшеліктерін және өңірдегі туристік бағыттардың аумақтық саралануын талдау негізінде бағаланды. Зерттеу 2022-2025 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы ұсынған ресми статистикалық деректерге, сондай-ақ туризмді дамытудың өңірлік картасы материалдарна сүйенеді. Зерттеу нәтижелері туристік ағынлардың оң динамикасын, ішкі туризм үлесінің тұрақты басымдығын және жазғы әрі қысқы кезеңдердегі шекті көрсеткіштермен сипатталатын екі шыңды маусымды анықтады. Алынған нәтижелер өңірдегі экотуризмнің дамуы инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейіне, туристік сұраныстың маусымдық шоғырлануына және туристік аумақтардың функционалдық мамандануына тікелей байланысты екенін көрсетті. Сонымен қатар зерттеу барысында экотуризмді дамыту үшін инфрақұрылымдық жағдайларды жетілдірудің басым бағыттары айқындалды. Олардың қатарына көлік қолжетімділігін арттыру, келушілерге арналған экологиялық тұрақты инфрақұрылымды дамыту және туризм саласына бағытталатын инвестицияларды аумақтық тұрғыдан неғұрлым сараланған бөлу жатады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Шығару

Бөлім

Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають

1 2 3 > >>