Семей сынақ полигонының нысандары бойынша маршруттардағы туристердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды әзірлеу

Авторлары

  • Марат Молдажанов Alikhan Bokeikhan University
  • Martínez-Falcó Javier Аликанте университеті
  • Райгүл Дүйскенова Алматы технологиялық университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-3-28-45

Түйін сөздер:

ядролық туризм, Семей сынақ полигоны, радиациялық қауіпсіздік, туристік әлеует, аумақты сегменттеу, дозиметриялық бақылау, туристің радиациялық қауіпсіздік моделі

Аннотация

Мақалада Семей сынақ полигонының (ССП) аумағы ядролық туризмді дамыту үшін мүмкіндіктер алаңы ретінде қарастырылады, бұл ретте жекелеген нысандарды аралап көрудің қалыптасқан тәжірибесі туристердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді. Зерттеудің мақсаты – ССП нысандарының туристік әлеуетін анықтау және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының радиоэкологиялық зерттеулерінің нәтижелерін ескере отырып, туристердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу ССП аумағын кешенді радиоэкологиялық зерттеу деректерін талдау мен жүйелеуге, 2025–2026 жылдардағы далалық экспедициялардың нәтижелеріне және қолданыстағы туристік маршруттарды бағалауға негізделген. Радиоэкологиялық деректер негізінде ССП аумағы радиациялық қауіпсіздік деңгейі бойынша сегменттелді, ал радиациялық қауіп төндіретін аймақ ¹³⁷Cs, ⁹⁰Sr, ²⁴¹Am және ²³⁹⁺²⁴⁰Pu үлестік белсенділігінің көрсеткіштері бойынша қосымша сараланды. Экспедициялар нәтижесінде полигон нысандарының туристік тартымдылығы анықталып, қолданыстағы маршруттарға сұраныс бар екені айқындалды, олардың кейбірі радиациялық қауіпсіздік шараларын сақтауды талап ететін аумақтар арқылы өтеді. Туристерді радиациялық қорғаудың төрт негізгі шарасы айқындалды: жеке қорғаныш құралдарын пайдалану, тыныс алу жолдарын қорғау және тамақ пен суды тұтыну ережелерін сақтау, жеке дозиметриялық бақылау және дозиметрия маманының сүйемелдеуі. Олардың негізінде үш кезеңді қауіпсіздік моделіне біріктірілген ұсынымдар әзірленді: маршрутқа дайындық, маршруттан өту және маршрутты аяқтау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ССП нысандарына қысқа мерзімді туристік сапарларға бейімделген радиациялық қауіпсіздіктің ұйымдастырушылық моделін әзірлеуде.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Шығару

Бөлім

Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають