Экскурсияларда көрсету мен әңгімелеудің әдістемелік тәсілдерін қолдану
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2024-3-26-32Түйін сөздер:
сөйлеу мәдениеті, көрсету әдістемелік тәсілдері, әңгімелеу әдістемелік тәсілдері, экскурсовод, гид, «туристік гид», WFTGA (Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастығының Федерациясы)Аннотация
Мақала қазіргі уақытта өзекті болып табылатын тақырыпқа арналған, ол осы журналдағы бірқатар басылымдарда қарастырылады және экскурсоводтар мен гидтердің кәсіби қызметке дайындық мәселелерін қамтиды. Бұл салада жүйелі мәселелерді сыртқы факторлар ретінде қарастыруға болады, алайда туристік нысандарды таныстырумен айналысатын туризм саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға кедергі жасайтын көптеген ішкі факторлар да бар. Олардың ішінде, «туристік гидтердің» жаңа буынының классикалық экскурсия теориясының маңыздылығы мен құндылығын түсінбеуі және жиі қабылдамауы бірінші орында. Дәл осы ғылым бізді қаруландыратын құралдар аталған санаттағы мамандарға өз міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мақаланың практикалық сипатын ескере отырып, біз осы құралдарды қолданатын нақты жағдайларды келтіріп, оларды өз тәжірибемізден алынған нақты мысалдармен толықтырып көрсетеміз. Біз сонымен қатар экскурсиятану пәні оқытушыларына оқу материалын студенттер мен экскурсия ісін үйренуші тыңдаушыларға түсінікті жеткізу мақсатында дидактикалық тұрғыдан дұрыс құрылымдау бойынша ұсыныстар береміз.