Алматы облысындағы ауыл туризімін дамытудағы қонақжайлардың рөлі
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2024-3-41-47Түйін сөздер:
ауыл туризмі, қонақ жайлар, Алматы облысы, агротуризм, қызмет көрсету, туризм индустриясыАннотация
Мақалада Алматы облысындағы ауылдық туризмнің дамуына қонақ жайлардың рөлі қарастырылады. Мақала мақсаты – Алматы облысындағы ауылдық туризмін дамуындағы қазіргі замандағы қонақ жайлардың рөлін анықтау және талдау. Зерттеу барысында жүйелеу, талдау, іріктеу және топтастыру әдістері, сондай-ақ статистикалық және салыстырмалы талдау қолданылды. Отандық және шетелдік әдебиеттер зерттеліп, SWOT талдауы және сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу барысында қонақ үйлердің ауылдық туризмнің дамуына айтарлықтай үлес қосып, туристер үшін тартымды жағдайлар жасай отырып, ауылдық аймақтардың экономикалық өсуіне ықпал ететіні атап өтілді. Алматы облысындағы қонақ үйлердің қызметі талданып, олардың күшті және әлсіз жақтары анықталды. Зерттеу барысында ауылдық туризмді дамытудағы қонақ жайлардың халықаралық тәжірибесі зерттелді. Қонақ үйлерді басқаруды жақсарту бойынша ұсыныстар, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістері, қызмет көрсету сапасын жақсарту және қонақжайлылық атмосферасын құру бойынша ұсыныстар берілді.