Қазақстандағы оқиға туризмінің өркендуіне фестивальдердің әсері
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2024-4-6-12Түйін сөздер:
оқиға туризмі, фестиваль, әлеуметтік-мәдени әсер, экономикалық әсер, туризмАннотация
Қазақстанда туристік имиджін қалыптастыруға және туристік қызметтердің әлемдік нарығында ұлттық туристік өнімді ілгерілетуге ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта Қазақстанның жыл сайын ірі халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуы қамтамасыз етіледі. Оқиға туризмі прогрессивті дамып келе жатқан туризмнің түрі болып табылады. Фестивальдар іс-шара туризмінде маңызды рөл атқарады, өйткені олар оның құрамдас элементтері, сонымен қатар туристердің үлкен ағынын тартып және елдегі туризмнің тұрақты дамуына әсер етеді. Қазақстанның саяхатшылар санын арттыруға көмектесетін түрлі фестивальдерді ұйымдастырудың жасырын әлеуеті бар. Іс-шара туризмі әртүрлі ауқымды іс-шаралар арқылы дамып келеді, оның басты мақсаты ішкі туризмді дамыту және ел экономикасына үлес қосу. Іс-шара туризмі туризм инфрақұрылымын дамыту катализаторларының бірі болып табылады және туристік индустрия ретінде аймақтың оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді. Аймақтағы туризмді дамытудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін оқиғалардың оң және теріс әсерлері бағалануы керек.