Туризмнің болашағы: қонақжайлылық индустриясындағы робототехника инновациясы
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-3-16-26Түйін сөздер:
қонақжайлылықтағы робототехника, жасанды интеллект, 4.0 және 5.0 индустриясының цифрландыруы, қонақжайлылықтағы инновациялық технологиялар, ақылды қонақжайлылықАннотация
Мақала қонақжайлылық индустриясына робототехниканы және цифрлық инновацияларды енгізу мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. Ғылыми әдебиеттер мен жүйелі шолуларды талдау негізінде инновациялық қонақжайлылықты дамытудың қазіргі бағыттары қарастырылып, оның ішінде сервис роботтарын қолданудың артықшылықтары мен әлсіз жақтары, сондай-ақ оларды қызмет көрсету саласына интеграциялау мүмкіндіктері айқындалған. Зерттеуде робототехниканың қонақүйлер мен мейрамханалардағы қызмет көрсету сапасын арттыруға және операциялық үдерістердің тиімділігін жоғарылатуға әсері бағаланған. «Индустрия 4.0» және «Индустрия 5.0» стратегиялық бағдарлары контексінде қонақжайлылық индустриясының инфрақұрылымының элементі ретінде икемді және бейімделгіш цифрлық жүйелердің маңыздылығы атап өтілген. Зерттеу нәтижелері робототехниканың кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қызмет көрсету стандарттарының жаңа дең қалыптастыруға және тұтынушылық тәжірибені трансформациялауға ықпал ететінін көрсетеді. Талдау негізінде Қазақстандағы инновациялық инфрақұрылымды бейімдеуге бағытталған цифрлық технологияларды кеңейту және зерттеу бағдарламаларын дамыту бойынша практикалық ұсыныстар берілген.