Цифрлық технологиялардың қауымдастыққа негізделген туризмге әсері: жаһандық туристік нарықтағы мәселелер мен келешегі

Авторлары

  • Гульбарам Кулахметова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Аружан Сүгірбай әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-3-47-55

Түйін сөздер:

қоғамдық туризм, цифрлық трансформация, цифрлық экономика, онлайн-брондау, сандық теңсіздік және киберқауіпсіздік

Аннотация

Туризм индустриясы цифрлық трансформация контексінде терең өзгерістерді бастан кешуде. Бұл мақалада қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың әлемдік туристік нарыққа әсері, туындайтын сын-қатерлер мен әлеуетті даму мүмкіндіктері қарастырылады. Онлайн платформалар, Big Data, жасанды интеллект, виртуалды және толықтырылған шындық (AR/VR) сияқты цифрлық шешімдер, сондай-ақ мобильді қосымшалар туристік қызметтерді ұйымдастыру, сату және тұтыну тәсілдерін түбегейлі өзгертеді. Зерттеуде халықаралық ұйымдардың есептері, жетекші елдердің үздік тәжірибелері, ғылыми жарияланымдар талданады. Әдіснама контент-талдауды, салыстырмалы талдауды және тақырыптық зерттеу әдістерін қамтиды. Нәтижелер туристік сектордағы цифрландыру тұтынушыға бағдарланған қызметтерді жақсартуға, операциялық процестерді оңтайландыруға және деректер мен маркетинг негізінде шешімдер қабылдау сапасын арттыруға ықпал ететінін көрсетеді. Зерттеу сонымен қатар цифрлық трансформацияның негізгі мәселелерін, соның ішінде құқықтық реттеудің жеткіліксіздігі, цифрлық теңсіздікті, киберқауіпсіздік мәселелерін және білікті қызметкерлердің жетіспеушілігін қарастырады. Зерттеуде туристік нарықты тұрақты дамыту тиімді цифрлық стратегияларды іске асыру, инновациялық экожүйені қалыптастыру, мемлекет, бизнес және ғылыми топтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту есебінен мүмкін деген қорытынды жасалады. Нәтижелердің туристік саланың мүдделі тараптары, цифрлық шешімдерді әзірлеушілер мен зерттеушілер үшін практикалық және теориялық мәнге ие.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Шығару

Бөлім

Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері