Қазақстандағы медициналық туризмді цифрлық технологиялар мен телемедицинаның көмегімен дамыту

Авторлары

  • Багдагул Иманбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Салтанат Курманбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Зауре Намазбаева Нархоз Университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-4-36-44

Түйін сөздер:

медициналық туризм, цифрлық технологиялар, телемедицина, пациенттерді басқару, медициналық қызметтер, халықаралық пациенттер, бәсекеге қабілеттілік

Аннотация

Қазақстандағы медициналық туризмнің дамуы бүгінгі күні цифрлық технологиялар мен телемедицинаның көмегімен ерекше маңызға ие болып отыр. Зерттеу барысында телемедициналық платформалар шетелдік пациенттермен қашықтан байланыс орнатуда маңызды рөл атқаратындығы анықталды. Бұл платформалар алдын ала консультациялар, диагностикалық бағалау және емдеу жоспарын әзірлеу процестерінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Цифрлық технологиялар медициналық мекемелерге халықаралық пациенттерді қабылдауға алдын ала дайындық жүргізуге мүмкіндік береді. Халықаралық сапарларын жоспарлау барысында уақыт пен шығынды оңтайландыруға жағдай жасайды. Бұның нәтижесінде Қазақстанның медициналық туризм саласындағы бәсекеге қабілеттілігі жоғарылайды. Сондай-ақ, зерттеуде, пациенттердің пікірлерін жинақтауға мүмкіндік беретін цифрлық платформалардың қызмет көрсету сапасын халықаралық стандарттарға сай келтіруге оң әсер ететіні де көрсетілді. Зерттеу нәтижелері медициналық және туристік қызметтердің интеграциясы еліміздің медициналық имиджін жақсартуға, шетелдік пациенттердің Қазақстанды таңдау себебін арттыруға және экономикалық тиімділікті көтеруге ықпал ететінін дәлелдейді. Жалпы алғанда, цифрлық технологиялар мен телемедицинаны тиімді пайдалану Қазақстанның медициналық туризмін стратегиялық түрде дамытуға және оның жаһандық нарықта бәсекелестікке қабілетті бағытқа айналуына мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-26

Шығару

Бөлім

Экономика, жоспарлау, туризм мен қонақжайлылықты ұйымдастыру