Қазақстанға келетін халықаралық туристік ағындарды талдау және картографиялық модельдеу (2019–2024 жж.)

Авторлары

  • Гүлден Ырысбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Айтолкын Молдагалиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Жанна Асипова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-1-70-79

Түйін сөздер:

туристік ағындар, халықаралық туризм, картографиялық модельдеу, кеңістіктік талдау, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), туризм динамикасы, Қазақстан туристік нарығы

Аннотация

Мақалада 2019–2024 жылдар аралығында Қазақстанға келетін халықаралық туристік ағындардың динамикасы мен географиялық құрылымы талданады. Зерттеудің мақсаты – ресми статистикалық деректер негізінде туристік ағындардың уақыттық өзгерістерін анықтау және негізгі шығу елдері бойынша кеңістіктік таралуын картографиялық модельдеу арқылы көрсету. Зерттеу әдістемесі статистикалық талдау, салыстырмалы талдау және геоақпараттық жүйелер негізіндегі картографиялық визуализация әдістерін қамтиды. Талдау нәтижесінде пандемия кезеңінде туристік ағындардың айтарлықтай төмендегені, ал 2023–2024 жылдары қалпына келу үрдісі байқалғаны анықталды. Ресей, Өзбекстан, Қытай, Германия, АҚШ, Үндістан және Иран елдері Қазақстанға келетін негізгі туристік нарықтар ретінде айқындалды. Құрастырылған ағын карталары туристік қозғалыстың кеңістіктік бағыттарын визуалды түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері туристік инфрақұрылымды жоспарлау, маркетингтік стратегияларды жетілдіру және туристік саясатты негіздеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Шығару

Бөлім

Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері