30–49 жас аралығындағы әйелдердің сауықтыру фитнесімен шұғылданудың бастапқы кезеңіндегі дене құрамының морфологиялық көрсеткіштерін биоимпеданстық талдау негізінде бағалау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_2_28Түйін сөздер:
30–49 жастағы әйелдер, шапшаңдық, дене салмағының индексі, биоимпедансты талдау, бұлшықет массасы, метаболикалық жасАннотация
Осы мақалада Алматы қаласындағы «Royal club Бухар Жырау» фитнес-клубында жаттығуды жаңадан бастаған, жасы 30-49 аралығындағы машықтанбаған әйелдердің физикалық дамуының келесі көрсеткіштерін анықтау арқылы биоимпеданстық талдау әдісімен жүргізілген өз зерттеулерінің нәтижелері ұсынылған: бойы, дене салмағы, дене салмағының индексі, бұлшықет пен май массасының арақатынасы. Алынған деректер математикалық статистика әдістері арқылы талданып, өңделіп, жинақталып, зерттеу нәтижелері ретінде тұжырымдалды. Зерттеу нәтижелері дене құрамының көрсеткіштерін және олардың фитнес бағдарламаларын әзірлеу кезінде олардың арақатынасын ескеру қажеттілігін көрсетеді, бұл тек сыртқы келбетті түзетуге ғана емес, жалпы физикалық денсаулыққа да әсер етеді. Осы мақсатқа жету үшін фитнес-клубта алғаш рет жатыққан 91 әйел тексерілді. Жаттығу басталғанға дейін барлық қатысушылар биоимпеданс анализаторын (Tanita) қолдана отырып, дене құрамының параметрлерін өлшеді. Алынған деректерді талдау кезінде көпшілік қатысушыларда май массасының бұлшықет массасына қарағанда басым екенін, сондай-ақ дене салмағы индексі артық салмақ немесе семіздікке сәйкес келетінін көрсетті. Зерттеу нәтижелері дене құрамының бастапқы көрсеткіштері айтарлықтай жеке ерекшеліктерге ие екенін көрсетті. Жас ұлғайған сайын май массасының артуына бейімділік байқалды, бұл өмір салтын уақтылы түзетудің және жүйелі түрде дене белсенділігін енгізудің маңыздылығын айқындайды.