Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ дене шынықтыру мамандарын даярлау үдерісінің цифрлық дамуы

Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ дене шынықтыру мамандарын даярлау үдерісінің цифрлық дамуы

Авторлары

  • Алия Оралбекова Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет
  • Лесбек Мырзабек Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет
  • Аят Мырзабеков Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет
  • Маржан Атем Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті
  • Мергенбай Озенбаев І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_4_49

Түйін сөздер:

инклюзивті білім беру, болашақ дене шынықтыру мамандары, кәсіби даярлық, цифрландыру, технология.

Аннотация

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында болашақ дене шынықтыру мамандарын кәсіби тұрғыдан даярлау үдерісінің цифрлық әсері қарастырылады. Дене шынықтыру білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды енгізудің заманауи тенденциялары және олардың әртүрлі білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру әлеуеті сипатталған. Инклюзивті тәсілді іске асыру кезінде оқытушылардың алдында тұрған негізгі мәселелер атап өтілді және оларды жеңуге цифрлық құралдардың қалай ықпал ететіні көрсетілді. Зерттеу аясында ғылыми жарияланымдарға талдау, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласының мамандарына сауалнама жүргізу арқылы эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Нәтижелер оқытушылардың инклюзивті білім мен жоғары технологияларға деген оң көзқарасын көрсетті, алайда мамандардың едәуір бөлігінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен тиімді жұмыс істеуге қажет кәсіби даярлығы мен цифрлық құзыреттілігінің жеткіліксіздігін анықтады. Қорытындылай келе, инклюзивті құндылықтарды және білім беру ортасын цифрландыруды ескере отырып, болашақ дене шынықтыру және спорт кадрларын даярлау бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-27

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ДАЯРЛАУ