XXI ҒАСЫРДАҒЫ СПОРТТЫҢ РӨЛІ XXI ҒАСЫРДАҒЫ СПОРТТЫҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_1_91Түйін сөздер:
Түйін сөздер: спорт, қоғам, спорттың рөлі, спорт түрлері, классификация.Аннотация
Мақалада қазіргі қоғамдағы спорттың алатын орны мен рөлі, мақсаты мен міндеттері жан-жақты қарастырылады. «Спорт», «Дене шынықтыру», «Дене тәрбиесі» ұғымдарының өзара байланыстары мен айырмашылықтарына ғылыми еңбектерді талдай отырып баға беріледі. Қоғамның өндіргіш күштерінің негізгі элементі тұлғаны тәрбиелеудегі спорттың алатын орны айтылады.
Спорт – адамды жетілдірудің, оның рухани және физикалық болмысын қоғам сұранысына сай түрлендірудің тиімді құралы, білім мен өзін-өзі тәрбиелеудің тиімді факторы екендігі баса көрсетіледі.
Мақала авторлары «спорт» сөзінің шығу тарихын зерделеп, дене шынықтыру және спорт саласының ірі ғалымдарының ғылыми еңбектеріндегі «спорт» сөзіне берген анықтамалары мен көзқарастарына талдау жасаған. Спорттың мәдениетпен, өнермен, еңбекпен, саясатпен, экономикамен өзара байланысы дәлелдермен сараланған.
Сондай-ақ, мақалада қазіргі уақытта дене шынықтыру мен спорттың көп функциялы әлеуметтік құбылыс екендігі, фактілермен жазылған. Спорттың сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттері мен спорттың әлеуметтік, жалпыпедагогикалық, арнайы-педагогикалық қызметіне баға берілген. ХХІ ғасырдағы заманауи спорт түрлерін топтарға бөліп, мысалдар келтірген. Қорытынды бөлімде ХХІ ғасырда дене тәрбиесі мен спорттың рөлінің артуының факторларына авторлар мысалдар келтірген.