Болашақ дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудағы цифрлық технологиялар
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_6Түйін сөздер:
дене мәдениеті, басқару, басқарушылық құзыреттілік, цифрлық технология, болашақ дене мәдениеті педагогы, спорт.Аннотация
Мақалада болашақ дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
мәселесі қарастырылады. Автор ғылыми-педагогикалық, психологиялық, арнайы, әдістемелік
әдебиеттерге талдау жүргізу арқылы «басқарушылық құзыреттілік» ұғымының мәнін анықтауға
тырысқан. Ғылыми зерттеулер талдауы көрсеткендей, заманауи дене мәдениеті педагогына
өз іс-әрекетіне рефлексия, талдау жасау маңызды және сол арқылы өз-өзін жетілдіру жолдары
мен жұмыстарын жолға қою туралы шешім қабылдау. Ғалымдар басқарушылық құзыреттілікке
эмоционалдық креативтілік пен лидерлік стильдермен байланысты басқарушылық интеллектіні
жатқызады. Ғылыми еңбектерге жасаған талдауларға сүйене отырып, ізденуші «болашақ дене
мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі» ұғымына авторлық анықтама береді. Болашақ
дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша автор дене
мәдениеті және спортты басқару саласындағы кадрлар даярлаудың шетелдік тәжірибесін
зерделеуге тырысқан. Болашақ дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастыру бойынша әдістемелік, ақпараттық-коммуникациялық жағынан күшейтуді жөн көріп,
онлайн оқыту барысында аса маңызға ие болған цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануды
қарастырады.