2020, 2021 және 2022 жылдың 1 жартыжылдығында қазақстандық спортшылардың допингке қарсы ережелерді бұзуын талдау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_38Аннотация
Мақалада 2020, 2021 және 2022 жылдың 1 жартыжылдығында қазақстандық спортшылардың
допингке қарсы ережелерді бұзуының Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының
допингке қарсы ережелерді бұзуына байланысты дисквалификацияға ұшыраған қазақстандық
спортшылардың тізімі негізінде талдауы берілген. Тыйым салынған препараттарды спорт түрлері
бойынша қолданудың градациясы анықталды. Көрсетілген кезеңде қазақстандық спортшылардың
тыйым салынған препараттарды қолдану нәтижелері кезең ішінде спортшылардың ағзасындағы
жиі байқалған сынамалардың ең көп саны – препараттар бойынша көрсетілген. Қазақстандық
спортшылардың допингке қарсы ережелердің бұзылуына жүргізілген талдау негізінде қазақстандық
спорттағы допингке қатысты жағдай күрделі болып табылатынын және дереу шешуді талап ететінін,
спорттық фармакологияны дамыту жөніндегі бағдарламаны қалыптастыру және жүзеге асыруын,
ғылыми білім бағыттарын спорттағы мемлекеттік басқару жүйесі деңгейінде және Қазақстанның
жоғары оқу орындарында спорттық фармакология бойынша кәсіби жоғары білікті мамандарды
даярлау деңгейін көтеру туралы маңызды қорытынды жасауға болады.