МРНТИ 77.31.13 Мектеп оқушыларына олимпиадалық білім беруді дамыту
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_13Түйін сөздер:
оқушылар, олимпизм, олимпиадалық білім беру, мектеп, үйлесімді даму, олимпиадалық мәдениет.Аннотация
Мақалада оқушыларда олимпиадалық білім беруді дамыту мәселесі бойынша ғылыми
әдебиетке шолу қарастырылады. Зерттеудің өзектілігіне тоқталса, мемлекеттің сау адамға деген
қажеттілігін ескере отырып, оқу үдерісіне олимпиадалық білім беруді енгізу қажеттілігі туындайды.
Авторлардың пікірінше, олимпиадалық білім беруді оқыту үдерісіне енгізу балалардың дене бітімін
жетілдіруге қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ғылыми педагогикалық, арнайы әдебиеттерді
зерделеу барысында олимпиадалық білім беруге қатысты біршама еңбектердің жарық көргенін
басып айтуға болады. Мақалада шетелдік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінің олимпизм
және олимпиадалық білім беру бағыттарында жүргізілгені анықталған. Авторлар ғылыми деректерге
сүйене отырып, олимпиадалық білім берудің маңызын, мәнін, мақсаты мен нақты міндеттерін айқындай
білген. Зерттеуші ғалымдар олимпиадалық білім берудің басты мақсаты ретінде тұлғаны олимпизм
құндылықтары мен идеалдарына баулу деп қарастырған. Сонымен қатар, авторлар олимпиадалық
білім беруді мектепке ендірудің шетелдік тәжірибесін көрсетуге тырысқан.