Қазақстан футбол индустриясындағы персоналды дамытудағы проблемалар
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_15Түйін сөздер:
Түйінді сөздер: Спорт менеджментi, футбол, футбол индустриясы, менеджер, жаттықтырушы, төреші, спортшы.Аннотация
Мақалада зерттеудің негізгі нәтижелеріне талдау жасалды, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының футбол индустриясындағы персоналмен жұмыс істеудің негізгі бағыттары – футбол менеджерлері, футбол жаттықтырушылары, футболшылар және футбол төрешілері айқындалды. Ұлттық футболдың дамуын шектейтін қызметкерлерге қатысты мәселелер талданды. Әр бағыт бойынша дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған мамандарға, білім беру бағдарламалары мен әдістемелік ұсынымдарға қойылатын талаптарға талдау жүргізілді. Ұлттық және халықаралық футбол федерацияларының осы мамандарды даярлау және біліктілік деңгейіне реттеуші құжаттары зерделенді. Ұлттық құрамалар, кәсіби клубтар деңгейінде, балалар мен жасөспірімдер деңгейінде және бұқаралық футболда нәтижелерге оң әсер етуі тиіс кадрларды дамыту үшін мүмкіндіктер қарастырылып, шешімдердің нұсқалары айқындалды.