ЖЫЛДЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЦИКЛІНДЕ БАСКЕТБОЛШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ ДАЯРЛЫҒЫ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_159Түйін сөздер:
дене қасиеті, студент-баскетболшы, команда, дене даярлығы, жаттығу процесі.Аннотация
Ұсынылған мақалада ЖОО жағдайында баскетболшы-студенттерді даярлау мәселесі қарастырылған. Ғылыми әдебиеттерде жаттығу процесіне ұсынылатын тәсілдер ЖОО командалары үшін әрдайым қолайлы бола бермейді. Сол себепті замануи баскетбол студенттердің оқу уақытын ескере отырып, командаларды даярлау мен қалыптастырудың жаңа тәсілдері мен әдістемелерді талап етіп отыр. Осы мәселелердің өзектілігін ескере отырып, ЖОО білім алу жағдайында баскетболшылардың дене қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығулар кешендерін оқу-жаттығу процесінде сынақтан өткізе отырып, спортшыларды даярлауды басқарудың тиімділігін ғылыми негіздеуді және дайындық кезеңдерінің ерекшеліктеріне байланысты екі мезоциклдегі дене даярлығы динамикасын бағалауды мақсат еткен.Экспеименттік топта оқу-жаттығу процесінің жылдық жоспарына сәйкес жылдық макроцикл құрылымына енгізілген шапшаңдық-күш дайындығына арналған жаттығулар кешені құрастырылды.ЖОО жаттықтырушылардың қызметін талдау, олардың студент-баскетболшылардың техникалық және тактикалық даярлығы баса назар аударатынын көрсетті, ал дене қасиеттерін дамыту мәселесі әдетте екінші орынға қойылады.Бұл мақалада баскетболдан студенттік командалардың бір жылдық дайындық цикліндегі шапшаңдық-күш бағыттағы 2 мезоциклдегі дене даярлығы деңгейлерін бақылауды ескере отырып, жаттығу процесінің әсер ету ерекшеліктері жайлы зерттеулер мен ғылыми негіздеме берілген.