Болашақ дене шынықтыру мамандарының инклюзивті білім беру жағдайындағы кәсіби даярлық мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_51Түйін сөздер:
инклюзивті білім беру, болашақ дене шынықтыру мамандары, кәсіби даярлық, интеграцияАннотация
Мақалада білім беру ұйымдарында инклюзивті тәсілді енгізу ерекшеліктері талқыланады, ерекше қажеттіліктері бар балалар күнделікті кездесетін қиындықтарға талдау жасайды, олар үшін дені сау адамдармен тең жағдайда қарым-қатынас жасай алатынын түсіну маңызды, өзін-өзі оқшаулауға деген ұмтылысты жеңу және өзінің психофизиологилық жағдайын түсіну мәселесі. Инклюзивті білім беру туралы отандық және шетелдік тұжырымдамалар, ой-пікірлер талданады. Дене шынықтырудың рөлі атап өтіледі мүгедектерді әлеуметтік қорғау шаралары жүйесінде кездесетін қиындықтар инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеген кезде дене шынықтыру және спорт маманының кәсіби даярлық проблемалары қарастырылып, болашақ дене шынықтыру мамандарының инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу мүмкіндігіне қатынасын анықтауға бағытталған зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижелері мақаланың соңында келтіріліп, тұжырымдар негізделеді.