Медицина университетінің студенттерінің өз бетімен дене шынықтыру және спортпен айналысуға деген көзқарасын талдау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_108Түйін сөздер:
студенттер, медициналық университет, дене шынықтыру, өзіндік жұмыс, спорт, сұрақ-жауапАннотация
Мақалада бірінші курсқа түскен және қазіргі уақытта медициналық университетте білім алып жатқан жастардың түсінігінде дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығы қандай екендігі талқыланып, талданады. Авторлар медицина университетінің заманауи білім алушылары дене шынықтырумен айналысу қажеттілігін қалай түсінетінін, әсіресе олардың бос уақытында дене шынықтыру және спортпен шұғылдану қажеттілігі бар-жоғын анықтауды шешті. Сұрақ-жауап ең қарапайым таңертеңгілік жаттығулардан басталып, дене шынықтыру және спорт бағытында алған білімдерін болашақ мамандығында қолданумен аяқталатын сұрақтардан тұратын сауалнама құрастырылды. Барлық курстардың студенттері дене белсенділігінің денсаулыққа оң әсерін мойындайды және оны салауатты өмір салтының бір бөлігі ретінде қабылдайды. Осыған қарамастан студентт жастар бос уақытында дене шынықтыру және спортпен толыққанды айналыса алмайды. Мақалада дене белсенділігінен бас тартудың себептерін талдауға тырысады.