Кәсіпқой волейболшылардың дене дамуы және техникалық дайындығын салыстырмалы түрде талдау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_141Түйін сөздер:
Волейбол, дене дайындық, волейболшылар, техникалық-тактикалық дайындық.Аннотация
мақалада кәсіпқой волейболшылардың дене дамуы және техникалық дайындығын бойынша ғылыми-әдістемелік талдау және алынған мәліметтерді талдап қорыту, негізінен волейболшылардың қозғалмалы белсенділіктеріне әр түрлі формаларында ынталы ойларымен қажеттіліктер қарастырылды. «ВК Қарағанды» волейбол клубы мен «ВК Астана» волейбол клубы жоғары шеберлік топтарыңдағы волейболшы қыздардың дене дайындығының және денсаулық жағдайының жастық динамикасын салыстыра зерттелды. Аталған кәсіпқой волейбол клубтарында ойнайтын волейболшы қыздардың дене дайындығының, техникалық - тактикалық дайындығының құралдары мен әдістері және волейболшылардың дайындық деңгейіне әсері зерттелді. Сонымен қатар волейболшы қыздардың әр түрлі фазадағы ойындарына техникалық - тактикалық шеберліктеріне статистикалық талдау жүргізіліп, нәтижелері ұсынылды. Алынған нәтиже бойынша клубтар оқу-жаттығу бағдарламасына, соның ішінде спорт клубте ойын бағытындағы дене тәрбиесі оқу-жатттығу дайындықтарын ұйымдастыру мен құру бойынша ұсыныстар берілді.