Қазіргі жағдайда салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар үшін қозғалыс белсенділігінің оңтайлы көлемін негіздеу бойынша ұсыныстарға шолу
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_120Түйін сөздер:
қозғалыс белсенділігі, көлемі, салауатты өмір салтыАннотация
Мақалада Қазақстан Республикасындағы дамудың қазіргі кезеңінде халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылатыны көрсетілген. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары» құжатына сәйкес азаматтарымыздың қозғалыс белсенділігінің көлемі бойынша ұсынымдар әзірлеу және енгізу жоспарлануда. Осыған байланысты, мақала авторлары қазіргі жағдайда салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарда қозғалыс белсенділігінің көлемін оңтайландыру бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеу үшін пайдалы болуы мүмкін, өзекті ғылыми негізделген деректерді анықтауға тырысады. Жұмыс ғылыми ақпараттың тиісті көздерін зерттеу негізінде 18 бен 65 жас аралығындағы салауатты өмір салтын ұстанатын, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарда қозғалыс белсенділігінің көлемін оңтайландыру бойынша өзекті және бейімделген ұсыныстар беретін шолу мақаласының сипатына ие.