Қазақ күресі бойынша жаттықтырушының кәсіби дайындығының негізгі компоненттері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_152Түйін сөздер:
деңгейі, компоненттері, кәсіби дайындығы, жаттықтырушысы, қазақ күресі.Аннотация
Мақалада қазақ күресі бойынша жаттықтырушылардың теориялық, әдістемелік және практикалық дайындығының элементтері айқындалған. Қазақ күресі бойынша жаттықтырушылардың теориялық даярлық элементтеріне: 1) Қазақ күрсі бойынша даярлау жүйесінің ережелерін; жаттығуды оқытудың теориясын; дене жаттығуларының негізгі түрлерін оқыту әдістемесі; оқу-жаттығу үрдісінің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын; спорттық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін; санитарлық-гигиеналық негіздерді; спорт ғимаратының құрылысын білу енгізілді; спорттық аспаптарды енгізу және сақтау ережелері. Қазақ күресі бойынша жаттықтырушылардың әдістемелік даярлық элементтерінің ішінде мыналар бөлінді: жобалау; спорттық жаттығу ережелері; міндеттерді шешу; жобалық жұмысты ұйымдастыру; оқыту, жарыстарға дайындық; дәрігерлік бақылау жүргізу; төрешілерді даярлау әдістемесі. Қазақ күрсі бойынша жаттықтырушының тәжірибелік даярлық элементтерінде мыналар көрсетілген: оқыту әдістемесің меңгеру; қазақ күресін оқыту; жаттығу әдістемесі; төрешілік дағдылары; жобалау құжаттарын жасау; дене дамуының деңгейін анықтау; жүйке жүйесінің түрлерін анықтау; жекпе-жекті тактикалық жүргізу. Қазақ күресі бойынша жаттықтырушының кәсіби даярлық компоненттерінің дәрежелік құрылымы анықталды. Атап айтқанда, теориялық бөлімде деңгейлер келесідей бөлінді. Алғашқы орында оқыту әдістемесі, одан кейін оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білу болды. Соңғы орындарда тазалық пен спорт ғимараттарын білу болды. Әдістемелік бөлімде оқыту әдістемесі, жаттығу ережелері және дайындықты жобалау басым орындарға ие болды. Соңғы орындарда төрешілерді даярлауға және жарыстарға беріледі. Тәжірибелік бөлімде бірінші-төртінші орындар әдістемелік бөлімге ұқсас болды (жаттығу әдістемесін, жобалау құжаттарын меңгеру). Қазақ күресі бойынша жаттықтырушының кәсіби даярлығының құрамдас бөліктерін саралауға қатысты сарапшылардың пікірлерінің жоғары дәйектілігі дәлелденді.