Профессор Мұратхан Тәнекеевтің дене тәрбиесі мен ұлттық спортты дамытудағы ағартушылық идеяларының жүзеге асырылуы

Авторлары

  • Шеризат Ниеталыұлы Қуатбеков Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Жандос Есиркепов Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Болат Ізтілеуұлы Құрманбаев Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Серік Өмірзақұлы Ержанов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Нұрлан Сұлтанұлы Омаров Халықаралық туризм және меймандостық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_51

Түйін сөздер:

Ұлттық спорт, ұлттық ойындар, дене шынықтыру және спорт, тағылым, адамгершілік, еңбексүйгіштік, адами қасиеттер, оқу-тәрбие үдерісі, ағартушы.

Аннотация

Бұл мақалада қазақ халқының дене тәрбиесі мен спорт саласындағы көрнекті ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Тәнекеевтің ғалыми-педагогикалық мұрасын, дене тәрбиесі мен ұлттық спортты дамытудағы тағылымдық идеяларын жүзеге асыру бағыттары қарастырылады. Ғалымның ғылыми еңбектерін зерделеп, жас ұрпаққа насихаттау жолдары нақтыланады. Профессор М.Тәнекеевтің ұлттық спорт пен дене тәрбиесін ұйымдастырудағы ізденістерін, тарихи-педагогикалық ой-пікірлерін жүйелеу және жаңа бағытта оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің педагогикалық тиімділігі көрсетіледі. Колледж студенттеріне арналған «Тәнекеев тағылымы» атты арнайы курстың бағдарламасы жасалып, тәжірибеге енгізілді. Тәжірибе барысында студенттерді Мұратхан Тәнекеевтің шығармашылығымен терең таныстыра отырып, ондағы педагогикалық көзқарасын кеңінен талдаумен қатар, ғалымның шығармашылық мұрасы негізінде жастарды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу бағытында жұмыстар жүргізілді. М.Тәнекеевтің ғылыми-шығармашылығындағы аса құнды еңбегі «Қажымұқан» кітабы. Осы кітап арқылы палуанның бойындағы Отансүйгiштiк, достық, сыйластық, адалдық, кiшпейiлдiлiк, туған жер мен тiлге зор құрмет сияқты асыл қасиеттер мен тұлғалық ерекшелiктерді дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге үндейді. Мақалада осы мәселелер жан-жақты баяндалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-21

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Қуатбеков , Ш. Н. ., Есиркепов, Ж., Құрманбаев , Б. І. ., Ержанов , С. Ө. ., & Омаров , Н. С. . (2023). Профессор Мұратхан Тәнекеевтің дене тәрбиесі мен ұлттық спортты дамытудағы ағартушылық идеяларының жүзеге асырылуы. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 72(2), 51–63. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_51

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають