Эмоционалды интеллект тренер жұмысының тиімді факторы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_98Түйін сөздер:
жаттықтырушы, эмоционалды интелект, күйзеліс әсері, кәсіби іс-әрекет, коммуникативтік дағдылар тиімділігі.Аннотация
Мақалада эмоционалды интелектінің жалпы ғылыми-педагогикалық саладағы зерттелу жайы, нақты спорт саласындағы жаттықтырушы қызметінің іс-әрекетінде қарастырамыз. Жалпы зерттеулерге теориялық талдау кезінде қоғам салауатты өмір салтын құруда, дене шынықтыру және спорт мамандарын дайындауда, жаттықтырушы мамандардың кәсіби қызметіне сай эмоционалды интелектінінің әсер етуші сапа ретіндегі рөлін айқындауда психологиялық-педагогикалық, тұлғалық ерекшеліктеріне сипаттамалық талдау жасалынған. Жалпы зерттеулерге талдау жасау кезінде эмоционалды интелект анықтамасы, эмоционалды интелект компоненттері, көрсеткіштері, белгілері, үлгілеріне сипаттама жасалған. Эмоционалды интелект үлгілері төрт негізгі бағытта қарастырылды, олардың мазмұндық ерекшеліктері мен әдістемелік мүмкіндіктеріне сипаттама берілді. Теориялық талдау кезінде эмоционалды интелект деңгейін анықтау мен жаттықтырушы кәсіби қызметіндегі ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен қажетті сапаларына анықталды. Эмпирикалық зерттеу кезінде дене шынықтыру және спорт мамандығының бірінші курс магистранттарымен Д.В. Люсин тесті негізінде әдістемелік зерттеу жүргізіліп, алынған нәтижелеріне сапалық талдау жасап, көрсеткіштері айқындалды. Алынған жалпы тұжырымдамаларға сай қорытындылар беріліп, қысқаша ұсыныстар көрсетілді.