«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды кәсіби даярлаудағы гимнастика
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_3_41Түйін сөздер:
гимнастика, дене шынықтыру мұғалімі, сауалнама, гимнастикалық жаттығулар, гимнастикалық снарядтар, физикалық дайындықАннотация
Мақала материалдарында жоғары оқу орындарында дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау жүйесіндегі «Гимнастиканы оқыту әдістемесі» пәні қарастырылады. Білікті педагог мамандар құрамын қалыптастыру қазіргі жоғары білім беру жүйесінің маңызды міндеті болып табылады. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлауда білім беру бағдарламасында спорттық-педагогикалық пәндердің алатын орны ерекше. Олар болашақ мұғалімнің теориялық білімінің, практикалық шеберлігі мен дағдыларының негізін құрады. Гимнастика бойынша практикалық тәжірибе студенттердің педагогикалық қызметін тиімдіі жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби дайындығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Гимнастикалық жаттығуларды көрсету әдістемесін, оны орындау техникасын, оларды оқыту, сақтандыру әдістерін және т.б. меңгеру, табысты жұмыстың кілті болып табылады. Жұмыста сырттай сауалнаманың көмегімен студенттердің пәнге деген көзқарасы, оқу сапасына және оқыту шарттарына қанағаттануы, сондай-ақ мазмұнына, мотивтеріне, сезімдеріне байланысты көптеген мәселелер анықталды. Зерттеу нәтижесінде гимнастика бойынша оқыту және білім беру процесін қиындататын себептер анықталды.