Дене шынықтыру және спорт жөніндегі қазақстандық мамандардың ғылыми-инновациялық қызметке дайындық деңгейі
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_6Түйін сөздер:
ғылыми-инновациялық қызмет, инновация, дене шынықтыру, спорт.Аннотация
Мақалада мақсаты қазақстандық дене шынықтыру және спорт мамандарының ғылыми-инновациялық қызметке дайындық деңгейін анықтау болып табылатын материал ұсынылған. Сауалнама негізінде дене шынықтыру және спорт мамандарының ғылыми-инновациялық қызметке дайындығын өзін-өзі бағалау диагностикасы жүргізілді. "Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі" журналындағы жарияланымдарды талдау және журналдың редакциялық қызметіне мониторинг жүргізу негізінде мамандардың ғылыми-инновациялық қызметінің деңгейі айқындалды. Қазақ спорт және туризм академиясы жанындағы "Дене шынықтыру және спорт" бағыты бойынша диссертациялық кеңестің жұмысына талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау өзін-өзі бағалау деңгейінде және мамандардың ғылыми-инновациялық қызметке нақты дайындығында айтарлықтай алшақтық туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. "Инновация" ұғымы тұжырымдалып, дене шынықтыру мен спорттағы инновациялық қызметтің перспективалық бағыттары айқындалды.