Жоғары туристік білім беру жүйесінде экскурсоводтарды дайындаудағы тәжірибеге бағдарланған тәсіл

Авторлары

  • Анастасия Вячеславовна Губаренко Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Татьяна Васильевна Имангулова Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Мадина Нурбулатовна Абдикаримова Халықаралық туризм және меймандостық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_6

Түйін сөздер:

экскурсиятану, экскурсовод, экскурсиялық қызмет көрсету, туристік білім беру, білім беру бағдарламасы

Аннотация

Бұл мақалада авторлар заманауи туристік білім беру аясында экскурсоводтарды дайындау үшін оқу процесін ұйымдастыру саласындағы зерттеулердің нәтижелерін ұсынады. Туризм индустриясы үшін мамандар даярлауға экскурсоводтың кәсіби құзыреттерін енгізу қажеттілігі айқындалды және негізделді, сондай-ақ туристік-экскурсиялық құзыреттерді қалыптастыруды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеудің практикалық тәжірибесі ұсынылды. Авторлар жоғары туристік білім беру контекстінде экскурсоводтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда тәжірибеге бағытталған тәсіл жүйесін ұсынды, оның негізінде тәжірибеге бағытталған пәндерді ұйымдастыру әдістемесі дайындалды. Мақалада баяндалған зерттеулер сонымен қатар туризм бағыты бойынша оқыту кезеңінде туристік-экскурсиялық құзыреттер кешенін игеру процесінде болашақ экскурсоводтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, тәжірибеге бағытталған тәсіл қағидаттарына сәйкес сабақтарды ұйымдастыру қажеттілігін көрсетеді. Оқытуды ұйымдастырудағы тәжірибеге бағытталған тәсіл өзінің басты мақсаты-болашақ мамандардың жоғары сапасын қамтамасыз ететін әр пән бойынша білімді нақты дағдыларға айналдыру.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-14

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Губаренко, А. В. ., Имангулова, Т. В., & Абдикаримова , М. Н. (2024). Жоғары туристік білім беру жүйесінде экскурсоводтарды дайындаудағы тәжірибеге бағдарланған тәсіл. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 76(2), 6–17. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_6

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають