Еркін күрес балуандарының төзімділігін дамыту ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_143Түйін сөздер:
төзімділік, арнайы төзімділік, спортшылар, жаттығу сабақтары, әдістер мен құралдарАннотация
Мақалада еркін күреспен шұғылданатын жас спортшылардың төзімділігін арттыруға бағытталған жаттығу әдістері мен құралдарын тиімді пайдалану мәселелері қарастырылады. Еркін күресте спортшылардың аэробты және анаэробты қабілеттерінің жоғары болуы маңызды, өйткені бұл көрсеткіштер жекпе-жек барысында тиімді күресуге жағдай жасайды. Спортшылардың төзімділігін дамыту үшін жаттығу әдістерін тиімді түрде оңтайландыру олардың дене және техникалық дайындық деңгейін көтеруге, сондай-ақ жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында балуандардың төзімділік деңгейін бағалауға арналған арнайы бағдарлама жасалып, жалпы және арнайы төзімділікті дамыту үшін әртүрлі жаттығу құралдары мен әдістерін қолданудың маңыздылығы анықталды. Жас балуандардың арнайы төзімділігін арттыруға ұсынылған жаттығу әдістерінің тиімділігі, тәжірибиелік көрсеткіштермен дәлелденді. Бұл зерттеу нәтижелері еркін күреспен шұғылданатын спортшылардың төзімділігін дамытуға арналған оқу-жаттықтыру үдерісінде дене шынықтыру мұғалімдері мен жаттықтырушылар үшін әдістемелік нұсқау ретінде ұсынуға болады.