Қазақстанда этноспорттың дамуы, оның әлеуметтік-мәдени тұрғысынан қарастырылуы
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_101Түйін сөздер:
этноспорт, этнопедагогика, ұлттық спорт түрлері, ұлттық ойындар, салт-дәстүр, рухани-мәдени тәрбиеАннотация
Бұл мақалада Қазақстандағы этноспортты әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамыту, этноспортты дамыту бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың монографиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау, сондай-ақ спорт құрылымын жақсарту және әлем халықтарының мәдени құндылықтарын насихаттау жөніндегі ақпарат егжей-тегжейлі қарастырылады. Алыс және жақын шетелдердің этноспорт түрлері, олар бойынша өткізілетін жарыстар және Қазақстан Республикасының этноспортты дамыту жөніндегі ұлттық спорт қауымдастығының қызметі, елде этноспортты дамыту жөніндегі ұсыныстар, Қазақстан Республикасындағы Түркістан және Қызылорда облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің 900 жоғары сынып оқушыларына сауалнама нәтижелері жан-жақты талданады. Сонымен қатар, Қазақстанның дала кеңістігінде, көшелерде, аулаларда, ауылдың шетінде көптеген тегіс алаңдар бар, біз қазақтың дәстүрлі еңбек-тұрмыстық, салттық, ойын-сауық ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік беретін ойын түрлерін арнайы таңдадық. Бұл ойындар баланың қимыл дағдысын дамытады, адалдықты, тапқырлықты, ұйымшылдықты, достықты, адамгершілікті тәрбиелейді, ұлттық спорт түрлері мен ойындарға деген қызығушылықты арттырады. Сондай-ақ, қазіргі мектептерде қазақ этнопедагогикасының құралдарын жүйелі пайдалану кезінде ұлтқа, әдет-ғұрыптарға, дәстүрлерге құрметпен қарайтын, туған халқының тілін, менталитетін, мәдениетін, тарихын, ұлттық ойындарын құрметтейтін, ұлттық қасиеттерді тәрбиелейтін саналы ұрпақты тәрбиелеуге ғылыми негіздеме беріледі.