Болашақ педагогтер үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың психологиялық және әлеуметтік аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_83Түйін сөздер:
салауатты өмір салты, өмір сапасы, компонент, дене белсенділігі, өмір сүру шкаласыАннотация
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында салауатты өмір салтын насихаттау және оның студенттердің өмір сапасына ықпалын анықтау барысында: «Өмір сүру шкаласы» сауалнама жүргізіліп оның нәтижелері талданған. Эксперимент барысында шынайы бағалау үшін бақылаудың ең тиімді нұсқасы ұсынылған және дене белсенділігі мен тамақтану бойынша бақылау жүргізіліп, психологиялық денсаулықты бағалау мәселе ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында бұл әдісті қолдану арқылы жоғары оқу орындарында салауатты өмір салтын насихаттау процесіне өзгерістер енгізіп, оның студенттердің өмір сапасына ықпалының артқанын, артықшылықтары мен кемшілік тұстарын бақылап отыруға үлкен мүмкіндік туатындығы сипатталады. Қазақстандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдардың осы тақырып аясындағы еңбектеріне талдау жүргізіліп, зерттеу барысы кезеңмен жүргізілген. «Өмір сүру шкаласы» сауалнама арқылы студенттердің өмір сапасына салауатты өмір салтының ықпалын анықтау арқылы салауатты өмір салтын насихаттау процесін дұрыс жоспарлауға мүмкіндік берген. Сонымен қатар, дене белсенділігі және тамақтану бойынша бақылау және психологиялық денсаулықты бағалау барысында салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламалары, атап айтсақ, жоғары оқу орындарында салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламаларының негізгі компоненттері. Студенттер арасында салауатты өмір салтына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу әдістерін негізге алып отырса үздік нәтижеге жетуге болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденді.