15–16 жастағы боксшылардың даярлау кезеңіндегі функционалдық жағдай компоненттері

Авторлары

  • Тулеген Ботагариев Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік университеті
  • Казбек Марденов Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Ольга Макунина Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті
  • Нурсапа Ахметов Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Амангазы Сыздықов А. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_3_66

Түйін сөздер:

боксшылар, функционалдық жағдайы, дайындық кезеңі, психофизиологиялық көрсеткіштер, нейродинамика, функционалдық күйді басқару

Аннотация

Мақалада 15–16 жастағы боксшылардың дайындық кезеңіндегі функционалдық жағдай компоненттері талданады. Зерттеудің мақсаты – спортшылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін айқындау және функционалдық жағдайды басқару жүйесінің тиімділігін бағалау. Зерттеуге спорттық тәжірибесі 3–5 жыл болған 50 боксшы (I спорттық разрядтан спорт шеберлігіне кандидатқа дейін) қатысып, олар бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Бағалау үшін психофизиологиялық тестілеу («НС-ПсихоТест»), Шульте кестелері, есте сақтау және күйзеліске төзімділік тесттері, динамометрия қолданылды. Алынған мәліметтер статистикалық әдістермен өңделіп, салыстырмалы талдау жүргізілді. Нәтижелер функционалдық жағдайды басқару жүйесінің назарды, есте сақтауды, күйзеліске төзімділікті, нейродинамикалық сипаттамаларды, функционалдық тұрақтылықты (ФУС) және күштік төзімділікті дамытуға оң әсерін көрсетті. Жүйелі тәсілді қолдану дайындық кезеңінде боксшылардың психофизиологиялық даярлығын арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ