Қазақ күресі спортшыларының әртүрлі бағыттағы жаттығу жүктемелеріне физиологиялық реакцияларын аспаптық бағалау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_3_78Түйін сөздер:
қазақ күресі, мобильді технологиялар, физиологиялық реакциялар, жаттығу жүктемелері, қарқындылық, жаттығу үдерісін жекелендіру, жаттығу импульсіАннотация
Осы ғылыми мақалада қазақ күресінің білікті спортшыларының физиологиялық реакциялары жүрек соғу жиілігін тіркеу және TRIMP әдістемесі бойынша ішкі жүктеменің интегралды
көрсеткішін есептеу негізінде зерттелді. Бұл тәсіл әртүрлі бағыттағы жаттығу ықпалдарының
қарқындылығын объективті бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері бойынша техника тактикалық дайындық (ТТД) жаттығулары кезінде ішкі жүктеменің интегралды көрсеткішінің орташа мәндері жалпы және арнайы дене дайындығы (ЖДД/АДД) жаттығуларына қарағанда айтарлықтай жоғары екені анықталды (p<0,05). Энергия шығынының килокалориядағы көрсеткіштері де ТТД жаттығулары барысында ЖДД/АДД-ға қарағанда жоғары болды (p<0,001). Қазақ күресі спортшыларының жүрек соғу жиілігінің орташа мәндері ТТД жаттығуларында 117,3±11,9 соққы/мин, ал ЖДД/АДД жаттығуларында 126,6±14,8 соққы/мин құрады. Екінші жағдайда көрсеткіштің біршама жоғары болуына қарамастан, статистикалық
талдау (t = -1,63; p=0,1272) айырмашылықтың мәнді еместігін көрсетті.