Жасөспірім волейболшыларды дайындауда интегралдық жаттығуларды қолдану әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_4_175Түйін сөздер:
волейбол, дене дайындығы, интегралдық дайындық, әдістеме, дене жаттығулары.Аннотация
Зерттеу жұмысы жасөспірім волейболшыларды жаттықтыруда интегралдық дайындықты дамытуға бағытталған әдістемені оқу-жаттығу үдерісінде қолдану жолдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - Түркістан қаласындағы Балалар-жасөспірімдер мектебіндегі волейболмен шұғылданатын 15-17 жасар балаларға тәжірибе жүргізу. Интегралдық дайындық бойынша жасалған әдістемені оқу-жаттығу үдерісінде жаттықтырушылармен бірге дене дайындығының техникалық және тактикалық дайындықпен өзара байланысын арттыруға бағытталған техникалық және тактикалық дайындықты үйлестіре жаттықтыруға арналған жаттығулар әдістемесін тәжірибеге енгізу, сынақтан өткізу. Зерттеудің міндеттері - жасөспірім волейболшылардың техникалық, тактикалық және дене дайындық элементтерін байланыстыра отырып дамыту әдістемесін ұсыну; жарыс кезіндегі күрделі сәттерде жасөспірім волейболшылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерінің тұрақтылығына қол жеткізу және тез шешім қабылдау қабілетін арттыру; ойын барысында кездесетін қателіктерді мүмкіндігінше азайтып, волейболшылардың қозғалыс дағдыларын дамыту. Интегралдық дайындыққа бағытталған әдістемені жүйелі түрде жаттығуларда қолдау барысында спорт мектептің жасөспірімдер волейбол командасы Республикалық турнирде жоғары нәтиже көрсетті. Бұл авторлар ұсынған әдістеменің оң әсер еткенін көрсетеді. Сондай-ақ. жасөспірім волейболшыларды жаттықтыру үдерісінде интегралдық дайындықты жүйелі түрде қолдану шұғылданушылардың дене, техникалық-тактикалық дайындықтарымен қоса мотивациясын көтерудегі тиімділігі тәжірибеде зерттелді. Зерттеу нәтижесінде оқу-жаттығу үдерісінің сапасы жақсартылды. Жоғары жетістікке жету үшін осы әдістемені қолдану нәтижесінде жасөспірім волейболшылардың жаттығу барысындағы қимыл-әрекеттеріне, қызығушылықтарына, ынтасының жоғарылауына оң ықпал етті.