Қазақ күресі балуандарының бастапқы даярлық кезеңіндегі әдіс-тәсілдік даярлық әдістемесін заманауи талаптарды ескере отырып жаңғырту
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_4_160Түйін сөздер:
қазақ күресі, әдіс, балуан, ұлттық спорт, қимыл-қозғалыс ойындары.Аннотация
Бұл мақалада жасөспірім қазақ күресі балуандарының бастапқы даярлық кезеңіндегі әдіс-тәсілдік даярлық әдістемесін заманауи талаптарды ескере отырып жаңғырту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - жасөспірім балуандарды қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, бастапқы дайындық кезеңінде әдіс-тәсілдік дайындық әдістемесін оңтайландыру. Қазақ күресі бойынша зерттеу жұмыстары мен отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау, қазақ күресін дамытудағы жетістіктер мен кемшіліктерге салыстырмалы түрде жан-жақты талдау жүргізу. Зерттеу міндеттері - қазақ күресінен бастапқы дайындық кезеңіндегі жасөспірім балуандардың әдістік әрекеттерін жіктеу; қазақ күресіндегі әдістерді меңгеру мен жетілдірудің реттілігін анықтау; бастапқы кезеңдегі жасөспірім балуандардың қимыл-әрекеттеріне тән қателіктердің түрлерін айқындау; қазақ күресіне мамандандырылған арнайы қозғалыс ойындарын жіктеу. Сонымен қатар, қазақ күресінен бастапқы дайындық кезеңіндегі жасөспірім балуандардың әдістік әрекеттері мен мамандандырылған арнайы қозғалыс ойындары алғаш рет жіктеліп, әртүрлі бағыттағы ойындардағы жаттығу жүктемесінің көрсеткіштері, бастапқы кезеңдегі жасөспірім балуандардың қимыл-әрекеттеріне тән қателіктің жиі кездесетін құрамы, қазақ күресіндегі негізгі әдістерді меңгеру мен жетілдірудің және әдістердің базалық құрамдас бөліктерін үйретудің реттілігі, тәжірибе кезеңінде қазақ күресінен жасөспірім балуандардың дене дайындық көрсеткіштерінің өзгерісі зерттеліп, нәтижелері көрсетілді. Жасөспірім балуандардың әдіс-тәсілдік әрекеттерін жетілдіру бағытында үздік спортшылар мен білікті жаттықтырушылардың қатысуымен сараптамалық бағалау жүргізіліп, 10 әдістің негізгі қимыл бөліктерін үйретудің реттілігін анықтау әдістемесі ұсынылды.