Дене шынықтыру жаттығуларының орта жастағы әйелдердегі жалпы апталық дене белсенділігіне әсері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_4_136Түйін сөздер:
дене белсенділігі, фитнес, халықаралық дене белсенділігі сауалнамасы, орта жастағы әйелдер, гиподинамия.Аннотация
Бұл мақалада IPAQ халықаралық сауалнамасының (ұзақ нұсқасы) негізінде сауықтыру фитнесімен айналысатын және айналыспайтын орта жастағы әйелдердің физикалық белсенділік деңгейін бағалау нәтижелері ұсынылған. Сауалнама «Royal Club» фитнес-клубында жаттығатын және сауықтыру фитнесімен шұғылданбайтын 40–49 жастағы әйелдер арасында жүргізілді. Сауалнама күнделікті өмірдің әртүрлі салаларындағы қозғалыс белсенділігінің бес параметрін қамтыды: жұмыс орнында; көлікпен қозғалу кезінде; үйдегі және бос уақыттағы іс-әрекеттер, сондай-ақ белсенді емес өткізілетін уақыт. Әдістеме 7 күн ішінде сауалнаманы өздігінен толтыруды қамтыды. Алынған деректер зерттелген контингенттің қозғалыс белсенділігінің ерекшеліктерін объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін статистикалық өңдеуден өтті. Зерттеу нәтижелері жүйелі фитнес жаттығулары қозғалыс белсенділігіне тұрақты әдеттердің қалыптасуына, апта бойы белсенділіктің біркелкі бөлінуіне ықпал ететінін, сондай-ақ гиподинамияның алдын алудың тиімді тәсілі ретінде қарастыруға болатынын растайды.