9-17 жас аралығындағы ер балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен кардиореспираторлық даярлығы арасындағы байланысты зерттеу

Авторлары

  • Айбек Аликей Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Светлана Отаралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Асылтек Малькей Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Мелекша Мырзаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Жәрдембек Қабылхан С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2026_1_84

Түйін сөздер:

балалар, жасөспірімдер, дене дамуы, дене дайындығы, кардиореспираторлық төзімділік.

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – 9-17 жас аралығындағы ер балалардың дене дамуы мен кардиореспираторлық төзімділігінің көрсеткіштері арасындағы өзара байланыстың бағыты мен дәрежесін анықтау. Зерттеуге қатысушылардың антропометриялық профилі балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуын сипаттайтын келесі көрсеткіштер көмегімен бағаланды: бойы, салмағы, бел шеңбері, дененің екі нүктесіндегі дене майының пайызы (трицепс және субкапулярлы аймақ), бой-салмақ индексі және бел мен бойдың арақатынасы. Кардиореспираторлық төзімділікті біз «20 м прогрессивті шаттлмен жүгіру» сынағының нәтижелері бойынша бағаладық. Зерттеу нәтижесінде біз физикалық даму көрсеткіштері мен кардиореспираторлық төзімділік арасындағы байланыс туралы біржақты растау алған жоқпыз. Бұл байланысты тек 9 жастан 12 жасқа дейінгі, сондай-ақ 16 жастан 17 жасқа дейінгі жас кезеңдерінде байқадық. Аталған жас топтарында салмақ, БСИ, бел шеңбері, бел мен бой арасындағы қатынасы және дене майы сияқты дене дамуы көрсеткіштері, сатылар саны, шаттлдар саны, жалпы қашықтық, жалпы жұмыс уақыты және ОТШ сияқты 20 м прогрессивті шаттл жүгірісінің нәтижелерімен теріс байланыста екендігін байқадық.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-22

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚБИОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають