Қазақстандағы экстремалды туризм: географиялық ерекшеліктері мен әлеуеті
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-124-132Түйін сөздер:
қауіпсіздік, туристік инфрақұрылым, ландшафттар, маршруттар, экспедиция, экологиялық тұрақтылықАннотация
Мақалада Қазақстандағы экстремалды туризмнің әлеуеті мен дамуы, оның географиялық әртүрлілігі мен туристік индустрия үшін туризм мүмкіндіктері анықталған. Бұл зерттеудің мақсаты - Қазақстандағы экстремалды туризмнің географиялық ерекшеліктері мен даму әлеуетін анықтау. Бұл зерттеудің мақсаты – Қазақстанның туризм индустриясындағы экстремалды туризмнің рөлін оның күшті, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қиындықтарын бағалау арқылы зерттеу және талдау жүргізілген. Зерттеу барысында саланың қазіргі жағдайын жан-жақты түсіну үшін жүйелеу, деректерді талдау, салыстырмалы бағалау және SWOT талдау әдістері қолданылады. Экстремалды туризмді дамытудың әлемдік тенденциялары мен озық тәжірибелерін анықтау мақсатында отандық және халықаралық әдебиеттерге шолу жасалды. Елдегі экстремалды туризмнің артықшылықтары мен шектеулерін бағалау, жақсартудың негізгі бағыттарын анықтау үшін SWOT талдауы жүргізілді. Зерттеу экстремалды туристік тәжірибелердегі тәуекелдерді басқару, экологиялық тұрақтылық және халықаралық стандарттар маңыздылы көрсетеді. Талдау негізінде Қазақстандағы экстремалды туризмді дамыту, соның ішінде инфрақұрылымды жақсарту, саясатты жетілдіруді және экстремалды туризмдегі әлемдік ккөшбасшылардың озық тәжірибесін енгізу бойынша практикалық ұсыныстар ұсынылады.