Қазақ спорт және туризм академиясының болашақ гид-аудармашылар мен экскурсоводтарды даярлаудағы тәжірибесі туралы

Авторлары

  • Олег Лютерович Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Динара Жаксыбекова Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2023-2-28-34

Түйін сөздер:

экскурсовод, гид, экскурсиятану, WFTGA (Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастығы Федерациясы), МемСТ – мемлекеттік стандарт, ҰЖЖ – Ұлы Жібек жолы, ҚазСТА – Қазақ спорт және туризм академиясы, МҰТП – мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, ЕЭО – Еуразиялық экономикалық одақ, БББ – білім беру бағдарламасы

Аннотация

Көптеген жылдар бойы Қазақстанда кәсіби экскурсоводтар мен гидтерді даярлау міндеті өзінің түбегейлі шешімін таппады. 2009 жылдың қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйымның Астана қаласында өткен сессиясын қорытындылай келе, ҚР Тұңғыш Президенті елімізде туризмді дамыту аясында бұл мәселені шұғыл шешу қажет екенін атап өтті. Дәл осындай үндеулер он жылдан кейін Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айтылды. Бұл мақала туристік қызмет субъектілерін – экскурсоводтар мен гидтерді даярлаудың қазіргі кездегі өзекті мәселесіне арналған. Зерттеу міндеті ретінде авторлар қазақ Спорт және туризм академиясының болашақ экскурсоводтарды даярлаудағы тәжірибесін бағалауға, оны туризм факультеттері мен кафедраларының оқу бағдарламаларына, оқытушы бейінді мамандарға таратуға талпыныс жасады.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Лютерович, О., & Жаксыбекова, Д. (2023). Қазақ спорт және туризм академиясының болашақ гид-аудармашылар мен экскурсоводтарды даярлаудағы тәжірибесі туралы. Туризм, демалыс және қонақжайлылық, 2(2), 28–34. https://doi.org/10.59649/2959-5185-2023-2-28-34

Шығару

Бөлім

Туризм және қонақжайлылық саласында кәсіптік білім

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають