Емдік-сауықтыру туризмі бойынша шетелдік және қазақстандық зерттеулерді талдау
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-41-51Түйін сөздер:
емдік туризм, сауықтыру туризмі, медициналық туризм, рекреация, терминология, классификацияАннотация
Бұл мақалада шетелдік және отандық ғалымдардың тұжырымдамалық-терминологиялық аппараттарын талдау негізінде «емдік-сауықтыру туризмі» ұғымының анықтамалары салыстырмалы түрде қарастырылады. Негізінен емдік-сауықтыру туризмі адамдардың денсаулығын жақсарту, алдын алу немесе қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылатын саяхат түрі екені баяндалады. Зерттеу барысында емдік туризм, сауықтыру туризмі және медициналық туризм ұғымдары әртүрлі ғалымдар, ұйымдар мен қауымдастықтар тарапынан берілген анықтамалар негізінде жүйелі түрде талданады. Кейбір ғалымдар емдік туризмді табиғи факторларға негізделген емдеу шаралары деп қарастырса, ал медициналық туризм жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алуға бағытталғанын айқындайды. Ал сауықтыру туризмі көбіне санаторийлер мен курорттық аймақтарда жүзеге асырылып, физикалық және психологиялық сауықтыруға бағытталады. Авторлар осы анықтамаларды сыни саралай отырып, емдік-сауықтыру туризміне, емдік туризмге, сауықтыру туризміне және медициналық туризмге өз түсіндірмелерін ұсынады.