Елдің тартымды объектілерінің әлеуетінде Қазақстанның туристік брендін қалыптастыру

Авторлары

  • Еркежан Тайшинова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Кулянда Нурашева Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Айгуль Агелеуова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Диана Мадиярова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Динара Кадырбекова Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-3-27-33

Түйін сөздер:

туристік бренд, аймақтық маркетинг, бәсекелестік артықшылықтар, туристік дестинация, брендинг стратегиясы, туризмді ілгерілету, өңірлердің туристік әлеуеті

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – «туристік аумақ бренді» ұғымының мәнін айқындау және оның қалыптасу тетігін талдау арқылы өңірдің тиімді брендингі бәсекелік артықшылықтар қалыптастырып, шетелдік туристерді тартуға ықпал ететінін көрсету. Зерттеу әдістеріне дамыған елдердегі туристік брендтерді қалыптастыру тәжірибесін талдау, әлемге әйгілі брендтердің табысты даму тәжірибесін зерделеу және туризм саласындағы маркетингті ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу жатады. Жұмыста бақылау, салыстыру, өлшеу және абстракциялау әдістері қолданылды. Туристік брендті ілгерілету технологиясын таңдауда жүйелі тәсілді қолдану және туристік нарық субъектілерінің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету ұсынылады. Аумақтың тартымдылығын арттыру брендті қалыптастыру үдерісінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Туристік аумақ брендін құру  – инвестиция тарту, жаңа туристік өнімдерді әзірлеу, шетелдік туристер ағынын көбейту, туризммен байланысты салаларды дамыту, жергілікті бюджет кірісін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әл-ауқатын жақсартудан тұратын жүйелі  үдеріс болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Шығару

Бөлім

Экономика, жоспарлау, туризм мен қонақжайлылықты ұйымдастыру

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають

1 2 > >>