Қазақстандағы курорттық аймақтардың даму үрдістерін талдау
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-4-45-55Түйін сөздер:
курорттық аймақтар, инфрақұрылым, кадрлық әлеует, туризм, даму үрдістері, статистикалық талдау, ҚазақстанАннотация
Мақалада Қазақстанның курорттық аймақтарының даму үрдістері қарастырылады. Зерттеу барысында курорттық инфрақұрылымның қалыптасуы мен туристік қызметтер динамикасына кешенді талдау жүргізіліп, өңірлік айырмашылықтар анықталды. Негізгі зерттеу әдістері ретінде статистикалық деректерді жинау, салыстыру және динамикалық талдау қолданылды. Сонымен қатар, санаторий-курорт саласының жұмыс істеу ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі талдау жасалып, оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар мен үрдістер айқындалды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы курорттық туризмнің тұрақты оң қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетті, дегенмен инфрақұрылымдық теңсіздіктер мен аумақтық айырмашылықтар сақталуда және басқару тетіктерін жетілдіру қажеттілігі бар. Мақала қорытындылары курорттық аймақтарды басқаруды оңтайландыруға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тұрақты туризм саясатын дамытуға бағытталған. Таңдалған әдістерді үйлесімді қолдану саланың қазіргі жағдайын сипаттап қана қоймай, оның болашақ даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.