Боксшылардың спорттық даярлықтарын дамытуға арналған дене (жанама) жаттығуларының психологиялық-педагогикалық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_2_119Түйін сөздер:
бокс, спорттық жетілдіру кезеңі, психологиялық даярлық, қосымша жаттығулар, техникалық даярлықАннотация
Бұл мақалада спорттық жетілдіру кезеңіндегі боксшыларды кешенді әдістемелік тұрғыда дайындау мәселесі қарастырылады. Аталған кезең – жоғары деңгейлі спортшылар үшін ең жоғары нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған аса маңызды саты. Зерттеу барысында боксшылардың спорттық дайындығын жетілдіруге арналған дене дайындығы жаттығуларының (жанама жаттығулар) тиімді тәсілдері ұсынылады. Ұсынылған жаттығу кешені жаттықтырушыларға оқу-жаттығу процесін оңтайландыруға, боксшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, сондай-ақ олардың дайындығындағы артықшылықтар мен әлсіз тұстарын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеу спортшылардың осы кезеңде кездесетін ерекше қиындықтарын – психологиялық және педагогикалық тұрғыдан дайын болу, мотивацияны сақтау, техникалық дағдыларды жетілдіру және күшейіп келе жатқан бәсекелестік қысымға бейімделу мәселелерін қамтиды. Мақалада баяндалған ғылыми нәтижелер жаттығу әдістерін жетілдіру жолдарын нақтылап, кәсіби бокста табысқа жетуді көздейтін жаттықтырушылар мен спортшылар үшін маңызды әдістемелік құрал бола алады деп күтілуде.