Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын оқушылардың жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып өткізудің тиімділігі
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2026_2_84Түйін сөздер:
дене шынықтыру, жыныстық ерекшелік, қауіпсіздік, сабақтың нақты тығыздығы, инклюзивті білім беру.Аннотация
Бұл мақалада жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағын оқушылардың жыныстық ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырудың педагогикалық және физиологиялық негіздері жан-жақты талданады. Зерттеу жұмысы теориялық-талдау негізінде жүргізіліп, оқушылардың морфофункционалдық, психоэмоционалдық және мінез-құлық ерекшеліктеріндегі айырмашылықтардың оқу үдерісінің тиімділігі мен қауіпсіздігіне ықпалы қарастырылды. Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесінде жыныстық айырмашылықты ескермей өткізілген сабақтарда жарақат алу қаупінің артуы және оқушылардың қызығушылығы мен сабақтың нақты тығыздығының төмендейтіндігі анықталды. Еуропа мен Шығыс Азия елдерінің дамыған мемлекеттерінде өткізілетін дене тәрбиесі сабақтарына талдау жасалып, ол елдердегі оқушылардың жыныс ерекшеліктерін ескеріп өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары оқу жүктемесін оңтайландыруға, дене белсенділігін арттыруға және психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айқындалды. Зерттеу нәтижелері ұлдар мен қыздардың анатомо-физиологиялық дамуын, қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеру деңгейі мен әлеуметтік бейімделу ерекшеліктерін ескере отырып, дене тәрбиесі сабағын тиімді ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық маңызын дәлелдейді. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы 47 мектеп бойынша жоғарғы сыныптың 1644 оқушысына және 185 дене тәрбиесі мұғалімдеріне сауалнама жүргізіліп, сауалнама нәтижелері зерттеу жұмысының өзектілігін айқындауға мүмкіндік берді.