The Кәсіпқойлар мен әуесқойлар: шахматшылардың жаттықтырушылық қызметін салыстырмалы талдау

Каршиганова Е.М., Усина Ж.А., Кусмиденов М.Е.

Авторлары

  • Еркежан Каршиганова Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы
  • Жанар Усина Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы
  • Марат Кусмиденов Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_115

Аннотация

Бұл мақалада Павлодар қаласының мектептеріндегі кәсіби шахматшылар мен әуесқой шахматшылардың жаттықтырушылық қызметіне талдау жасалды. Мұндай зерттеу түрі Павлодар қаласында алғаш рет өткізілді. Зерттеудің мақсаты – кәсіби шахматшылар мен әуесқой шахматшылардың жұмыс тиімділігі арасындағы айырмашылықты анықтау. Жаттықтырушы жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіші оның қамқорлығындағы адамдардың нәтижелері болып табылады. Сондықтан зерттеу барысында сауалнама жүргізу, шахмат есептерін шешу және 8-10 жастағы оқушылар арасында бір мезгілде сеанс ойыны сияқты әдістер қолданылды. Бұл зерттеу әдістері негізгі білім деңгейін, бастапқы теориялық бөлімді және шахмат ойынының деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Алынған мәліметтер өңделіп, талданды. Мақалада келтірілген тұжырымдар шахмат федерациясында, білім бөлімдерінде және т.б. жұмыс істейтін адамдар үшін пайдалы болуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-18

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Каршиганова, Е., Усина , Ж. ., & Кусмиденов , М. . (2022). The Кәсіпқойлар мен әуесқойлар: шахматшылардың жаттықтырушылық қызметін салыстырмалы талдау: Каршиганова Е.М., Усина Ж.А., Кусмиденов М.Е. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 70(4), 115–122. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_115

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ