Туризм мамандығы студенттерін оқытуда «Flipped Classroom» технологиясын қолданудың тиімділігі

Авторлары

  • Гүлнара Ризаходжаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Nurdana Nurmaganbet Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Мадина Акешова Халықаралық туризм және меймандостық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_37

Түйін сөздер:

Flipped Classroom, туризм, электронды платформа, видеодәріс, подкаст

Аннотация

Туризм саласы кез келген дамуға бет бұратын мемлекеттің экономикасының маңызды секторын құрайды. Сондықтан аталмыш салада білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл мақсатта туризм мамандығы студенттерінің сабақ өту процесін үйреншікті дәстүрлі тәсілден жан-жақтылық пен шығармашылыққа баулитын заманауи оқыту технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды. Ал мұндай жаңашылдыққа негізделген оқыту әдістерінің қатарында Flipped Classroom технологиясы ерекше көзге түседі. Аталмыш технологияның студенттердің бойында ХХІ ғасырдағы ең маңызды болып табылатын қасиеттерді қалыптастыруға жасайтын ықпалын зерттеу үшін «Туризм» мамандығының 2 курс студенттеріне арнайы эксперимент жасалған болатын. Бірінші топ эксперименттік топ, екінші топ бақылау тобы ретінде зерттелді. Зерттеу нәтижесі бойынша эксперименттік топ студенттері Flipped Classroom технологиясы арқылы сабақ өтудің нәтижесінде оқуға ерекше шабыттанып, білім алу процесіне өз бетінше енуге қабілетті бола бастады. Эксперименттің нәтижесі Flipped Classroom технологиясы «Туризм» мамандығы студенттерінің білім сапасы мен оқуға қызығушылық деңгейін арттыруға айтарлықтай көмектесетінін дәлелдеді.

Авторлардың өмірбаяны

Гүлнара Ризаходжаева, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Филология факультеті, Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы.

Мадина Акешова, Халықаралық туризм және меймандостық университеті

PhD докторы, доцент міндетін атқарушы; Халықаралық туризм және меймандостық университеті.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-18 - жаңартылды 2022-12-21

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Ризаходжаева, Г. ., Nurmaganbet, N., & Акешова, М. (2022). Туризм мамандығы студенттерін оқытуда «Flipped Classroom» технологиясын қолданудың тиімділігі. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 70(4), 37–46. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_37

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ