Даңқты боксшы Ә.Нұрмахановтың спорттағы жетістіктері (1956-1968 жж) негізінде жастарды патриотизмге тәрбиелеу

Авторлары

  • Жандос Есиркепов Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан
  • Болат Ізтілеуұлы Құрманбаев Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан
  • Бақытжан Сұлтанұлы Омаров Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан
  • Ермек Абдимажитович Битабаров Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан
  • Серік Баянқұлұлы Ақназаров Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_130

Түйін сөздер:

Бокс, жаттықтырушы, патриотизм, спорт, тәрбие, жаттығу, дене қасиеттері, жетістік.

Аннотация

Бұл мақалада Әбдісалан Нұрмахановтың өмірдерегі, бітім-болмысы, еңбекқорлығы, ізденімпаздығы, іскерлігі, мінез-ерекшелігі, өр тұлғасы жан-жақты қарастырылады. Спорттағы (бокстағы) алғашқы жетістіктері, әлемдік, құрлықтық, халықаралық деңгейдегі, КСРО-дағы, Қазақстан Республикасындағы бокстан қол жеткізген табыстары, марапат-мәртебелері баяндалып, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде алатын орны ерекше ашылады. Спорт өнерін ғылыммен сабақтастыруы, оны тәрбие құралы ретінде қарастыруы, ұстаз-жаттықтырушының қызмет барысында өзгелерге (шәкірттерге) үлгі боларлық ұстанымдары, шеберлігі, адами қасиеттері мен іскерлік қабілеттері терең талданады. Бокстан Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы ретінде спортты (боксты) әлемдік деңгейге көтеруі, әлемдік деңгейдегі үздік спортшылармен бәсекелестікте өр мінезділік, өжеттілік, қайсарлық таныта білуі арқылы жас спортшыларды ұлттық патриотизмге баулу, тәрбиелеу ұстанымдары сараланады. Боксшының қазақ елінің спорт өнерін дамытуға, өркениетті ел деңгейінде көтеруге қосқан еңбектері, үлестері, қазақ спортының тарихында мәңгілікке жазылуы, оның мерей-мәртебесін биіктете түсуі айшықталады. Спорт сайыстарында кездесетін өзара бәсекелестіктегі әділетсіз шешімдерге өзінің күш-қайратын ғана емес, ақыл-ойы, пайым-парасатымен қатар, саналы ғұмырын да арнап өткен дарабоз атанып, қазақ спортының негізін қалағандардың бірегейі болғаны мақаланың құндылығын арттыра түседі.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-04

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Есиркепов, Ж., Құрманбаев , Б. І., Омаров , Б. С., Битабаров , Е. А., & Ақназаров , С. Б. (2023). Даңқты боксшы Ә.Нұрмахановтың спорттағы жетістіктері (1956-1968 жж) негізінде жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 71(1), 130–139. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_130

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають