Бұл мақала Инклюзивті ортаға дене мәдениеті және спорт мамандарын кәсіптік бағдарлау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_13Түйін сөздер:
дене мәдениеті және спорт, болашақ маман, кәсіби бағдарлау, инклюзивті білім беру ортасы.Аннотация
Бұл мақалада инклюзивті ортаға дене мәдениеті және спорт мамандарын кәсіптік бағдарлау бағыттары мен дене мәдениеті спорт мамандарының соған деген қатынасын қарастыруға арналған. Мақала барысында инклюзивті білім беру, кәсіптік бағдарлау ерекшеліктері, инклюзивті білім беру ортасын қалыпты деңгейде, сапалы негізде құрудағы дене шынықтыру орны мен рөлін көрсету. Білім беру мекемелерінде заманауи инклюзивті білімді сапалы негізде жүргізу үшін дене мәдениеті және спорт мамандары аса қажеттігі көрсетілген, себебі дене мәдениеті және спорт мамандары медициналық, биологиялық, психологиялық білімдері бар, баланың даму ерекшелігін жақсы игерген, дене мәдениеті, салауатты өмір салтын сақтау бойынша кәсіби шеберлігі бар, инклюзивті негіздегі мәдени білім беруге мүмкіндігінің ерекшеліктері айқын. Болашақ дене мәдениеті және спорт мамандарының инклюзивті ортаға, мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы қатынасы мен қабылдау деңгейін анықтап, көзқарасын талдау үшін дене мәдениеті және спорт мамандарымен сауалнама жүргізіліп, нәтижесі талданып көрсетілді. Қысқаша зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сай қорытынды мен ұсыныстар берілді.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі IRN AP 14871693 «Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері» жобасы аясында қазақстандық ғалымдар жүргізді.